Жаңалықтар

Ақтауда мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды

Ақтауда мәслихат депутаттарына дауыс беру басталды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 31.03.2024 10:41 337

Ақтауда қалалық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау уақытында басталды. Таңғы сағат 7:00-де сайлаушыларға есігін айқара ашқан дауыс беру учаскелерінде ҚР Әнұраны салтанатты түрде орындалды. Қазіргі таңда қаладағы 12 сайлау учаскесі жұмысын жасауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаладағы №13, №14 және №20 сайлау округтеріне қарасты учаскелер өз жұмысын бастады. Оның ішінде: 

-26 ш/а, №14 жалпы білім беретін мектебі(2 сайлау учаскесі);
-27 ш/а, «Ақтау техникалық қызмет көрсету колледжі»(2 сайлау учаскесі);
-27 ш/а, №16 жалпы білім беретін мектебі;
-27 ш/а, «№46 Балбұлақ» балабақшасы;
-28 ш/а, «№59 С.Н. Шапағатов бөбекжайы»;
-28а ш/а, №23 жалпы білім беретін мектебі;
-33 ш/а, «Маңғыстау Арена» спорт кешені(2 сайлау учаскесі);
-34 ш/а, «№19 мектеп-гимназиясы»(2 сайлау учаскесі)

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлауға үш округ бойынша 10 үміткер қатысуда. Дауыс берушілер өз мекен-жайына қарасты учаскеге барып, үміткерлерге дауыс бере алады, - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Скендиров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға