Жаңалықтар

Ақтауда МАЭК-тегі энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақтауда МАЭК-тегі энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: МАЭК ЖШС 09.07.2023 23:00 852

«МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

9 шілдеде таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды, ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін жеткізілді .

Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 мвт құрайды. «МАЭК» ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.

Оқи отырыңыз:

Айта кету керек, Ақтау қаласы мен облыстың елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде «МАЭК» ЖШС ЖЭС-те қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты №1 энергоблоктың мәжбүрлі тоқтауы орын алған болатын. Жөндеу жұмыстары МАЭК қызметкерлерінің күшімен тәулік бойы жүргізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға