Жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен ер адам құлап қайтыс болды

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен ер адам құлап қайтыс болды
Фото: instagram.com/inaktau.kz 13.02.2024 17:14 450

Ақтауда 8 шағын аудандағы №18 тұрғын үйдің маңынан ер адамның денесі табылды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы куәгерлер хабарлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адам көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен.

Әзірге полиция бұл жайтқа қатысты мәлімет берген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға