Жаңалықтар

Ақтауда ірі сауда желісіне айыппұл салынды

Ақтауда ірі сауда желісіне айыппұл салынды
Фото: © Freepik.com 12.09.2024 15:06 356

Ақтауда тұтынушылардың құқығын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы мамырда қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20 пайызға жуық жоғары бағамен сату дерегін анықталды.

Бұл факт бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Алайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға