Жаңалықтар

Ақтауда емхананы ыстық су басты

Ақтауда емхананы ыстық су басты
Фото: aktau-mangistau.kz 20.12.2023 16:00 2257

 Ақтау қаласының №2 емханасын ыстық су алып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жылу жүйесі жарылып, ыстық су бірнеше кабинетке жайылып үлгерген. Емделушілер бірден сыртқа шығарылды. Медициналық мекеме әкімшілігінің мәліметінше, орын алған келеңсіз жағдай бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Емхана штаттық режимде жұмыс істейді.

Бұл оқиғаға емделушінің  таңертең сағат 09:00-де байқамай жылу батареясының су, ауа шығаратын бөлігін сындырып алуы себеп болған. Қазіргі уақытта емхананың бірінші блогында жарық, жылу жүйесі өшіріліп, екінші блогында пациенттерге толық қызмет көрсетіп жатыр.

Жылу жүйесінің ақаулықтары қалпына келтірілгеннен кейін, жылу, жарық қайта қосылатын болады.                                                                                    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға