Жаңалықтар

Ақтауда дәстүрлі республикалық конкурс өтті

Ақтауда дәстүрлі республикалық конкурс өтті
14.10.2023 15:25 681

Ежелден келе жатқан мықты дәстүрлеріміздің бірі – әулеттің, елдің берекесінің ұйытқысы - абысындар татулығын насихаттау мақсатында 14 қазан күні Ақтау қаласында Абай атындағы мәдени кешенінде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен республикалық 2-ші «Абысын-ажын» конкурсын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған конкурс 2022 жылдан бастан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің басшысы Айнұр Жүгінісованың бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Конкурстың мақсаты – жастарымыздың бойында ұлтымыздың отбасы құндылықтарын күшейту арқылы ұлттық сананы ояту, үлгілі отбасы болуға талпынып, ұрпақтарына өнегелі жол таңдайтын қоғам қалыптастыруға ықпал ету.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық Ұлттық комиссиясы «Абысын ажын» жобасын заманауи конкурсқа айналдырып, Қазақстанның аймақтарында кеңінен таралуына қолдау көрсетеді.

Биылғы жылы Конкурста кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен бір әулеттің абысынды - келінділері бақ сынады. Қазақ ғұрпында абысын татулығы, сыйластығы ел-жұрттың ерекше назарындағы қарым-қатынас болып саналады. Өйткені, ел ішіндегі ауызбіршілік пен татулық отбасының татулығынан басталып, ол әйел адамға байланысты.

«Абысын-ажын» республикалық конкурсы арқылы қазірдің өзінде қазақтың дәстүрін сақтаған, мемлекетіміздің барлық аймақтарынан келген абысындар өнеге болды. Бұл шара әулетінің атағын, татулықтың тамаша үлгісін көрсетіп отырған, отбасылық шаруаның ортасынан табылып, бір-біріне қолғабыс болып жүрген, әулеттің ырысы мен өрісі  болып жүрген  абысындарды, қарапайым еңбек адамдарын халыққа таныта алды. 

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық Ұлттық комиссиясының төрайымы Ләззат Рамазанова, қоғам қайраткерлері, депутаттар, ел белсенділері қатысып, өз үлестерін қосты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға