Жаңалықтар

Ақтауда «Caspiy winter eco fest» фестиваль өтеді

Ақтауда «Caspiy winter eco fest» фестиваль өтеді
16.12.2023 22:27 785

Ақтауда «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен 24 желтоқсан күні «Caspiy winter eco fest» экологиялық фестивалін өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық шарада бірнеше экологиялық бекеттер ұйымдастырылған.  Атап айтқанда, квесттер, фотоаймақ, аквагримм, буккросинг, ұтыс ойыны, қолөнершілер жәрмеңкесі мен «Ескіден жаңаға» атты балаларға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі. 

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрермендерге анимациялық бағдарламаны да дайындаған.

Шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғауды насихаттау және қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық фестивальде көрермендер тек экоәдеттер мен қоршаған ортаны қорғау туралы ғана емес, салауатты өмір салтын ұстану және Ақтау қаласының тарихымен таныса алады. Фестивальге кіру тегін. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын 24 желтоқсан күні 4 шағын аудан «Holliday Inn» қонақ үйінде сағат 11:00-де экологиялық фестивальде күтеміз, - деді «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин.

Сонымен қатар, шара аясында «Ақтау БАҚ айнасында - 2023» атауына арналған және «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме» атауына арналған байқауының жеңімпаздары марапатталмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға