Жаңалықтар

Ақтауда базар өртенді

Өрт сағат 23:23-те сөндірілді.
Ақтауда базар өртенді
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД 12.11.2022 08:21 1267

Ақтау қаласындағы 23-ші шағынауданда орналасқан базар отқа оранып, ондағы 6 дүкен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қарашада сағат 22:46-да өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары диспетчерлік қызметіне 23-ші шағынауданда орналасқан «РУСАЗ» базарының өртенгені туралы хабарлама түскен.

"Қазіргі таңда «Балалар әлемі» дүкені, «1000 ұсақ-түйек» кеңсе тауарлары дүкені, сондай-ақ азық-түлік және дәмдеуіштер сататын бутиктер өртенгені анықталды", - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 23:23-те сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 6 техника және 30 жеке құрам жұмылдырылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органнан 16 техника мен 81 қызметкер тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға