Жаңалықтар

Ақтауда балабақшаның шатыры көліктердің үстіне құлады

Ақтауда балабақшаның шатыры көліктердің үстіне құлады
Фото: Lada.kz 29.12.2023 09:10 578

Ақтауда жел екпінінен 3 шағын аудандағы балабақшаның шатыры ұшып кетті. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұшқан шатыр жақын маңдағы тұрақта тұрған көліктердің үстіне құлаған. Салдарынан кем дегенде алты көлікке зақым келген.

Оқиға 28 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында болған.

Ақтаудағы үшінші шағын ауданда секундына 16-21 метр жылдамдықпен соққан желден аумағы 40 шаршц метрді құрайтын балабақша шатыры ұшып кетті. Алты көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға