Жаңалықтар

Ақтауда ауызсу кестеге сәйкес берілетін болды

Ақтауда ауызсу кестеге сәйкес берілетін болды
Фото: © Unplash 13.06.2024 14:33 417

13 маусымнан бастап Ақтаудағы 23 шағынауданда ауыз су кестеге сәйкес беріледі, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлады.

Орталық сумен жабдықтау торабындағы резервуарларда деңгейді ұстап тұру үшін қала тұрғындарына, атап айтқанда мына шағынаудандарға ауыз су беру 13 маусымнан бастап кесте бойынша берілетінін хабарлаймыз! - делінген хабарламада.

Жаңа кесте 23 шағынауданның тұрғындарына әсер етеді:

  • 16 шағынауданның 11, 36, 36/1, 36/2, 39, 40, 41, 42, 44, 73 үйлерін қоспағанда;
  • 17 шағынауданның 1, 20, 21 үйлерді қоспағанда;
  • 27 шағынауданның 39, 40, 41, 44, 45 үйлері, Болашақ колледжі;
  • 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 32в, 33, 34, 34а, 35, 38, 39 шағын аудандары.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға