Жаңалықтар

Ақтауда ауызашарға барған 16 медицина қызметкері уланып қалды

Ақтауда ауызашарға барған 16 медицина қызметкері уланып қалды
Фото: El.kz 12.04.2023 14:17 946

Ақтауда ауызашарға барған 50 медицина қызметкерінің 16-сы астан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Қалған алты адамға амбулаторлық көмек көрсетілді.

“10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Бірақ Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөліміне 16 адам улану белгілерімен шағымданды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр”, – делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің денсаулығына еш қауіп жоқ. Науқастардың жағдай тұрақты, динамикасы оң. Барлық анализдерді тапсырып, ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға