Жаңалықтар

Ақтауда ана кішкентай балаларымен бірге көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде ұйықтаған

Ақтауда ана кішкентай балаларымен бірге көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде ұйықтаған
Фото: Видеодан кадр 19.07.2023 09:59 873

Ақтауда ана кішкентай балаларымен бірге түнде көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетон еденде ұйықтады. Бұл туралы inAktau.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 16 шілдеден 17-сіне қараған түні болды. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алған. Оның айтуынша, әйел мас болған.

Оқи отырыңыз:

Осы жайтқа байланысты куәгерлер полиция шақыртқан, ал балалар тоңып қалмас үшін өз үйлеріне әкетпек болған. Дегенмен бүлдіршіндер анасының жанында қалуды жөн көргендіктен, оларға көрпе әкеліп беріпті.

Шақыртуға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелді анықтады. Оның жеке басын анықтау барысында оның тұрғылықты мекенжайы жоқтығы белгілі болды. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы («алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде пайда болу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ведомстводан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Подслушано Актау (@podslushano_aktau)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға