Ақтауда 24 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр
![Ақтауда 24 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр Ақтауда 24 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр](/storage/storage/element/2024/04/23/mainphoto/100819/1200xauto_WvWFYOYBZ8qQ2YVMnq9uvB5Lls160mdxdSv9LPw8.jpg)
Фото: lada.kz
Фото: lada.kz
23.04.2024 15:49
2002
Ақтауда 24 жастағы Керім Кәмшат бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде 18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды іздестіру туралы хабарлама таралып жатыр.
Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Жамбыл өңірінде алғашқы ревматологиялық орталық ашылды