Жаңалықтар

Ақтауда 13 жасар қызды көпбалалы әке зорлаған

Ақтауда 13 жасар қызды көпбалалы әке зорлаған
Фото: ©Pixabay.com 17.04.2024 16:25 1429

Ақтау №2 қалалық сотында кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша сот талқылауы өтіп жатыр. Сотталушы бес баланың әкесі 13 жасар қызды зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Не молчи» қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауда әкесі туған қызын өлтіріп, кейін ұсталғанын жазды. Күдікті 5 баланың әкесі.

Біз бұл оқиғаның мән-жайын білгенде төбе шашымыз тік тұрды. Мен оған жасағанының бәрін ұмытқым келеді. Қыздың өзі эпилепсиямен ауырады, туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазірдің өзінде бірнеше сот отырыстары өтті. Сот отырысында күдіктінің адвокаты Қалмұхашев Серікбол қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Адвокат секілді күдіктінің өзі де зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпау үшін қызды бопсалаған, - деп жазды Дина Таңсәрі.

Айыптау актісінің мазмұны тек ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне негізделген.

Ол оны зорлады! Тіпті оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бәріне дәлел бар,биоматериалдар жиналды. Зорлаған ер адам ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді қоғам белсендісі.  

 Айыпталушы бұл іске қыздың анасын кінәлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға