Жаңалықтар

Ақтау студенттер арасында универсиаданың алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Ақтау студенттер арасында универсиаданың алғашқы жеңімпаздары белгілі болды
Фото: Есенов университетінің баспасөз қызметі 28.05.2023 10:48 450

Ақтауда студенттер арасында ХІІ жазғы Универсиада ойындарының алғашқы чемпиондары анықталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Үстел теннисінен өткен бәсекеде ерлер және әйелдер арасында өткен ойын нәтижесі төмендегідей:

I орын – Санжар Жұбанов (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті);
II орын – Ырысбек Артықметов (Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті);
III орын – Бақдәулет Әкімәлі (Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті).

Сондай-ақ, қыздар арасында Алматыдан келген ойыншылар басымдық танытты. 
I орын – Сарвиноз Саидмуратханова (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті);
II орын – Айзере Зейнулла (Павлодар педагогикалық университеті);
III орын – Карина Борсақбаева (Шымкент университеті).

Ұлдар командасы бойынша:
I орын – Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;
II орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
III орын – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.

Қыздар командасы бойынша:
I орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
II орын – Павлодар педагогикалық университеті;
III орын – Шәкәрім университеті.

Жарысқа 16 ұлдар командасынан 48 спортшы және 15 қыздар командасынан 45 спортшы қатысты.
Ақтау Универсиадасының үздіктері Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XXXII Дүниежүзілік Универсиадаға және ІІ Түркі Универсиадасына жолдама алатын болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға