Жаңалықтар

Ақтау шенділері жұмыс істемейтін 5 әжетхана үшін 87 млн теңге жұмсаған

Ақтау шенділері жұмыс істемейтін 5 әжетхана үшін 87 млн теңге жұмсаған
Фото: Антикор 15.08.2023 17:15 629

Әлеуметтік желілерде Ақтауда 87 млн теңгеге 5 әжетхана салынып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, мониторинг барысында Ақтау қаласының әкімдігі қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар оны пайдалана алмауда.

Ведомство мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған.

Бұл факт құзырлы органның ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданатын болады, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға