Жаңалықтар

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 20.09.2023 14:14 465

Ұлықбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

Ұлықбек Тналиев экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы азаматтық қоғам және жастар саясаты саласында бастаған.

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде департамент директоры болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға