Ақтау порты арқылы жүк тасымалдау көлемі 66%-ға артты

 inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

"ҚТЖ" ҰК" АҚ осы жылдың 10 айында 3,2 млн тонна жүк тасымалданғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылдың 10 айында 3,2 млн тонна жүк ауыстырып тиелді (өткен жылғы деңгейден 7%-ға артық):

•             мұнай – 1,9 млн тоннадан астам (+7%)

•             астық – 385 мың тонна

•             контейнерлік жүктер – 26,4 мыңнан астам жиырма футтық эквивалент (17%-ға артық).

Ақтау теңіз порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі былтырғыға қарағанда 66%-ға өсті. Осылайша 23,8 мың жиырма футтық эквивалентті құрады.

Айта кету керек, Ақтау теңіз порты Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркияны байланыстыратын көлік дәлізінің қиылысында орналасқан.

Оқи отырыңыз