Жаңалықтар

Ақтау әуежайында «Best Airport Service» жобасын іске қосу жоспарлануда

Ақтау әуежайында «Best Airport Service» жобасын іске қосу жоспарлануда
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 29.03.2024 20:39 359

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері хаттамалық тапсырманы орындау аясында Көлік вице-министрінің басшылығымен өткен кеңесте жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған «Best Airport Service» пилоттық жобасын іске асыру бойынша «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ базасында көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңеске Маңғыстау облысының көлік жәнеавтомобиль жолдары басқармасының, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшылары, Шекара қызметінің, кедендік бақылаудың, полицияның желілік бөлімінің, Air Astana, SCAT, Turkish Airlines, Aeroflot, Azal Airlines авиакомпанияларының өкілдері қатысты.

«Best Airport Service» пилоттық жобасының мақсаты қызмет көрсету сапасын жақсартудың және мәдениетті арттырудың тиімді стратегияларын құру болып табылады. Жобаның тұжырымдамасы кешенді тәсілді көздейді, оның жұмысына мемлекеттік органдар, соның ішінде әуежай қызметтері және Ақтау қаласының әуежайында ұсынылған отандық және шетелдік авиакомпаниялардың өкілдіктері тартылатын болады.

Жобада ағымдағы жыл бойы қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған семинарлар мен форумдар форматында ұсынылатын бірқатар іс-шаралар өткізу көзделген. Бұдан басқа, қызметкөрсету сапасына қанағаттан ушылыққа талдаужүргізу мақсатында әуежайда ішкі және халықаралық бағыттар бойынша ұшып шығушы және ұшып келуші жолаушылар арасында арнайы сауалнама жүргізілетін болады.Қанағаттанушылықты талдау негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін үш кезеңде жүргізіледі, кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ақтау қаласы әуежайының басшылығымен бірлесіп оларды жою бойынша нүктелік жұмыс жүргізеді.  

Кеңес қорытындысы бойынша барлық қатысушы тараптар пилоттық жобаны іске асыруда ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Іс-шаралар Маңғыстау облысы әкімдігі мен Қазақстанның авиациялық билігі тарапынан жетекшілік ететін жол картасы шеңберінде өткізілетін болады. Жоба 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап іске қосылады. Жолаушыларға сауалнаманың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 20-30 сәуірі аралығында өткізілетін болады. Қазақстанның авиациялық билігі Маңғыстау облысы әкімдігінің басшылығы Қанат Құлжановқа, сондай-ақ «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ әуежай басшылығы Меруерт Жолдыбаеваға пилоттық жобаны іске асыруға жәрдемдескені үшіналғысын білдіреді және Ақтау қаласының әуежайына/әуежайынан ұшып шығушы және ұшып келуші барлық жолаушыларды қызмет көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамаға белсенді қатысуын сұрайды.
 
Айта кетейік, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ еліміздегі 5 ірі әуежайлардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні Ақтау қаласының әуежайында 10 бағыт бойынша рейстер орындалады, оның 5-і ішкі рейстер бойынша, 6-ы халықаралық бағыттар бойынша. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 1 563 444 жолаушыны құрады. Ағымдағы жылы жолаушылар ағыны 1.7 миллион жолаушыны құрайды деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға