Жаңалықтар

Ақсу қаласында аулада тұрған жүк көлігі өртенді

Ақсу қаласында аулада тұрған жүк көлігі өртенді
Фото: © iStock 02.08.2023 18:25 626

Көліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны толығымен өртенді. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Әуезов көшесі, 53 мекенжайында тұрған ГАЗ-53 көлігі жанғаны туралы хабарлама 10:59-да түсті.

Жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде және салонында төрт шаршы метр аумақта өрт шыққан, – деді департаментте.

Өрт 11:06 ауыздықталып, төрт минуттан кейін сөндірілген болатын. Оқиға орнында бір техника және бес адам жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға