Жаңалықтар

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: Қарағандыда кәмелетке толмаған "жалған террорист" ұсталды

“Ақша, әйтпесе жарамын!”: Қарағандыда кәмелетке толмаған "жалған террорист" ұсталды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 31.10.2023 16:31 581

Танысымен жанжалдасып қалған мектеп оқушысы оның атынан жалған хабарлама жіберген. “City Mall” сауда орталығында бомба жасырылды деген жазба облыстық әкімдіктің электронды поштасына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, хатта қыз таныс құрбысының нөмірін жазып, бомбаны жармау үшін төлем талап еткен. Оқиға орнына дереу жеткен шұғыл қызмет өкілдері сауда үйінен 200-ден астам адамды эвакуациялап, ғимаратта тексеру жұмыстарын жүргізді.

Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарағандылық жедел уәкілдер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің иесін – 14 жасар қызды анықтады. Тексеру барысында хабарламаны онымен жанжалдасып қалған құрбысының жібергені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға