Жаңалықтар

АҚШ-тағы ән байқауында қазақ қызы жеңіске жетті

АҚШ-тағы ән байқауында қазақ қызы жеңіске жетті
Фото: «Отандастар қоры» 05.04.2023 18:11 1083
АҚШ-та ән байқауында Аделина Мұхамеджанова 3 орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі «Отандастар қорына» сілтеме жасап.

Байқауға үрмелі аспаптар, фортепиано, фортепиано дуэті, Ішекті аспаптарда ойнай білетін, әнді нақышына келтіріп орындайтын жас дарындар қатысқан.
 
Өтініш беру процесі Аделинаға қиын болған. Өткен жылдың күзінде Миннесота штатының байқауына төрт жазбадан соң қабылданған. Сол кезеңде бірінші орынға ие болып, дивизиялық раундқа шықты. Ол наурыз айында Ұлттық жарыстарға қатысатын елдің түкпір-түкпірінен келген алты дивизия жеңімпаздарының бірі атанды.

SSM вокалды орындау бағдарламасының жетекшісі Питер Шлейф жас дарынның талантын жоғары бағалады.
Оның ерекше жұмыс этикасы бар, ол өте көп жаттығады. Алда оны жарқын болашақ күтіп тұр. Онымен жұмыс істеу мен үшін қуаныш,-дейді Питер Шлейф
Бұл - Аделинаның ән байқауындағы екінші жеңісі. Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінде ол ұлттық ән мұғалімдері қауымдастығының вокалдық байқауында қатысушылардан айрықша түсіп, жеңіске жеткен болатын. Бұл іс-шарада ең алғаш "Sabre" атағына ие болған еді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға