Жаңалықтар

АҚШ-та табиғи апаттан қайтыс болғандар саны артты

18.05.2025 23:42 484
АҚШ-та табиғи апаттан қайтыс болғандар саны артты

АҚШ-тың орталық бөлігін жайпап өткен торнадо салдарынан 27 адам қайтыс болды. Билік өкілдері құрбандар саны әлі де артуы мүмкін екенін ескертуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кентукки штатында 25 адамның қаза болғаны ресми түрде расталды. Апат кезінде өңірде бірнеше ғимарат қирап, тас жолда көлік аударылып кеткен. Жергілікті билік ауыр жарақат алғандар туралы көптеген хабарлама келіп түскенін мәлімдеді.

Бүгін түнде бұл жерде адамдардың тағдыры мәңгілікке өзгерді. Біз қазір осы қауымдастық үшін бірге жиналып, дұға етудеміз. Мен өмірімде мұндай жойқын апатты көзбен көріп көрмеп едім, – деді Кентукки штатының Лондон қаласының мэрі Рэндалл Уэндл.

Көршілес Миссури штатында да бірнеше адам қаза тапқан. Торнадо Висконсин штатына да әсер еткені хабарланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға