Жаңалықтар

АҚШ-та сауда орталығында болған атыстан 8 адам көз жұмды

АҚШ-та сауда орталығында болған атыстан 8 адам көз жұмды
Фото: © AP Photo / Dario Lopez-Mills 07.05.2023 19:39 589

Аллен қаласындағы сауда орталығында атыстан кем дегенде 8 адам қаза тауып, тағы 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ-тың Техас штатындағы Аллен қаласында Allen Premium Outlets сауда орталығында атыс болды.

Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан сегіз адам қаза тауып, кем дегенде жеті адам жарақат алған.

Қаскөйді полиция қызметкері атып өлтірген.

Жергілікті БАҚ атыс кезінде жарақат алған тоғыз адам ауруханаға жеткізіліп, олардың екеуі кейінірек қайтыс болғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер 5 жастан 61 жасқа дейінгі тұрғындар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға