Жаңалықтар

АҚШ пен Қатар 1 трлн доллар болатын келісімге қол қойды

15.05.2025 07:37 402
АҚШ пен Қатар 1 трлн доллар болатын келісімге қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қатармен 1 триллион доллардан асатын экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Трамп Қатармен құны кем дегенде 1,2 триллион долларды құрайтын экономикалық алмасу жөніндегі келісімге қол қойды, – делінген Ақ үй таратқан мәліметте.

Ақ үй әкімшілігінің мәліметінше, келісім аясында Қатар америкалық Boeing компаниясынан 210-ға дейін 787 Dreamliner және 777X үлгілеріндегі ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл келісімнің жалпы құны 96 миллиард долларды құрайды.

Сонымен қатар, Қатар АҚШ-тан құны шамамен 2 миллиард долларға бағаланатын MQ-9 Reaper атты барлау және соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуды көздеп отыр.

Келісім шеңберінде АҚШ тарихында алғаш рет шетелге Raytheon компаниясының Fixed Site – Low, Slow, Small Unmanned Aerial System Integrated Defeat System (FS-LIDS) жүйелерін сату да жоспарланған. Бұл жүйелер дрондарға қарсы күреске арналған және олардың құны 1 миллиард долларды құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға