Жаңалықтар

АҚШ долларының репо нарығы AIX жүйесінде іске қосылды

Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығы мәлім етті
АҚШ долларының репо нарығы AIX жүйесінде іске қосылды
Фото: egemen.kz 15.11.2022 10:12 1026

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») сату мен кері сатып алу (репо) келісімдерінің нарығы іске қосылғандығы туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

Нарыққа қатысушылар енді АҚШ долларымен деноминирленген акцияларды саудалап, олармен репо мәмілелерін жүргізе алады. Репо нарығы «Kaspi Bank» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ үшін бір тәуліктен бастап 4 аптаға дейін бұрыннан қолжетімді.

«Бұл іске қосу барлық жергілікті бөлшек сауда инвесторлары мен сауда қатысушылары үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады және біздің капитал нарығымызды ірі ойыншылардың кеңейтілген санына ашып, АІХ-те жалпы өтімділік пен мөлдірлікті жоғарылатады. АІХ биржасы біздің бөлшек сауда инвесторларымыздың сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылады және репо нарығын құру оның одан әрі дамуы мен өсуіне ықпал ететін болады», - деді АІХ операциялық директоры Оливье Гэрис репо бастамасы туралы.

Репо нарығы сегментіне қолжетімділікті Repo Webtrader арнайы интерфейсі арқылы немесе FIX тапсырыстарды басқару жүйесі арқылы алуға болады. АІХ Орталық бағалы қағаздар депозитарийі (AIX CSD) репо мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға