Жаңалықтар

Ақсақалдар мен ардагерлер Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді

Ақсақалдар мен ардагерлер Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 27.04.2024 21:39 423

Елордалық Достық үйінің алаңынан қалалық ҚХА ақсақалдары, «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – азық-түлік, киім және басқа да тұрмыстық қажетті заттар.

Біздің ата-бабаларымыз бізді әрқашан біртұтас болуға, бір-біріміздің жеңістерімізге ғана емес, қиындықта да қолдау көрсетуге үйретті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы қиын жағдайды ескере отырып, біз, яғни ардагерлер де шетте қалмауға, қолымыздан келген көмекті көрсетуге шешім қабылдадық. Біз Ақтөбе облысының ардагерлерімен алдын ала хабарластық, халыққа көмектің шынымен қажет екенін білдік және қазір олардың сұрағандарын жеткізіп жатырмыз. Мен сондай-ақ ақтөбеліктерге қолдау көрсету үшін барамын», - деді генерал-лейтенат, «Халық Қаһарманы», «Tayelsiz Qazagstannyn Halyg Batyrlari» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Ертаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы аясында Астанадан Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1,2 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Жиналған көмектің ішінде киім, тамақ, Гигиена құралдары мен аяқ киім негізгі орынды алады.

Елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, оған 30-ға жуық еріктілер ұйымдары қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды.

Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер қажетті заттарды жинап, жинау орындарына апара алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға