Жаңалықтар

Ақмолада көлік ұрысы ұсталды

Аталаған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Ақмолада көлік ұрысы ұсталды
Фото: pixabay.com 17.11.2022 15:32 1451

Ақмолада көлік ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

12 қарашада Егіндікөл ауданының полиция бөліміне жергілікті 22 жастағы тұрғын 12 қарашаға қараған түні үйдің ауласынан белгісіз адам BMW-325 автокөлігін ұрлап әкеткені туралы өтінішпен жүгінді.

Жәбірленуші шығын сомасын 1,5 млн теңгеге бағалады. Ұрланған көлік құралының, сондай-ақ қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың орналасқан жерін анықтауға аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, берілген күштер мен жұртшылық бағдарланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пробация қызметінде есепте тұрған, бұрын сотты болған Егіндікөл ауылының 21 жастағы тұрғыны 15 қарашада Қарағанды облысының аумағынан ұсталды.

Қуғыннан құтылуға тырысқан күдікті басқа біреудің көлігімен кюветке түсіп кеткен. Кейін көлікті тастап, жасырынуға тырысты. Жедел қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында қаскөй ұсталды. Күдіктінің айтуынша, 12 қарашада сағат 04:00 шамасында танысына келген.

Алайда ол үйінде болмағандықтан, қаскүнем аулада тұрған көлікті ұрлап әкеткен. Көлік құлыпталмаған, кілттер тұтану қосқышында болған. Күдікті біреудің көлігімен бұрын тұрған Қарағанды облысына жол тартқан. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заттай дәлел-автокөлік тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға