Жаңалықтар

Ақмолада балабақшадағы 78 бүлдіршіннің құқығы бұзылған

Ақмолада балабақшадағы 78  бүлдіршіннің құқығы бұзылған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.03.2024 06:13 268

Ақмола облысы Сандықтау ауданында балабақшадағы 78 бүлдіршінге азық-түлік үшін өтемақы төленбеген. Мұндай фактіні кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталын талдау барысында Сандықтау ауданының прокуратурасы анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады. Ал аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығы бұзылған.

Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары  өтелді. Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген облыстық прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға