Жаңалықтар

Ақмола тұрғыны көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

Аталған фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Ақмола тұрғыны көлік ұрлап, жол апатына ұшырады
Фото: polisia.kz 20.10.2022 18:41 788

Ақмола тұрғыны көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 қазанда аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолында ЖКО болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты.

Екатеринбург-Алматы автожолының 1115 шақырымында ВАЗ-21100 автокөлігінің жүргізушісі Жалтыр ауылының 25 жастағы тұрғыны рөлді басқара алмай, Жалтыр ауылының 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы Волга автокөлікпен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды.

Апат салдарынан ВАЗ-21100 автокөлігі кюветке құлап кетіп, бірнеше рет аударылған. Жүргізуші көліктен шығып, Волга жүргізушісіне көліктегі жолаушылар туралы хабарлап, жол-көлік оқиғасы орынынан кетіп қалған. 25 жастағы ер жігіт түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.

Ер адамның басқа біреудің көлігін басқарғаны белгілі болды. Сол күні полицияға Жалтыр ауылының 46 жастағы тұрғынынан танысы үйлердің бірінің жанында тұрған анасының көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түсті. Өтініш беруші жұмыстарымен көлікке отырып шыққан, кейін көлікті досының үйінің жанында қалдырған, ал кілт болса тұтандырғышта қалған.

Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі “Автокөлікті заңсыз иемдену” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта 25 жастағы ауыл тұрғыны ауруханада жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға