Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы ПД бастығы болып полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды.
Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. ІІО-дағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады.
Ол Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған. 2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қаласы ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарды. Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарын лауазымында болған.
Бұған дейінгі лауазымы - Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.
Ақмола облысық полиция департаментіне жаңа басшы келді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?