Жаңалықтар

Ақмола облысында жол жабылған ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тікұшақпен жеткізді

Ақмола облысында жол жабылған ауылға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тікұшақпен жеткізді
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 14.04.2024 23:17 286

Ақмола облысында Терісақан және Есіл өзендерінің арнасынан тасуына байланысты Жақсы ауданының облыстық маңызы бар «Қима-Терсақан» автожолының 28 шақырымын су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жақсы ауданының Терісақан ауылы аудан орталығымен көлік арқылы қатынай алмай қалған болатын. Осыған байланысты, Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері ЖАО-мен бірлесіп "Қазавиақұтқару" тікұшағында азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізді.

Сондай-ақ, елді мекеннен жүктіліктің 36 аптасындағы әйел мен оның жұбайы эвакуацияланды.

Есіл өзенінің арнасы бойынша ауылдағы жағдай тұрақты. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға