Жаңалықтар

Ақмола облысында техниканы сақтауға арналған орында өрт болды

Ақмола облысында техниканы сақтауға арналған орында өрт болды
Фото: ҚР ТЖМ 09.03.2024 09:03 418

9 наурыз күні сағат 02:26-да Целиноград ауданының Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалынды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 бірлік техникасы Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуына жол бермеді, сондай-ақ 2 КамАЗ-ды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды, - делінген мәліметте.

Өрт сағат 03:24-те оқшауланды, сағат 03:54-те жойылды. Ал күзетші Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға