Жаңалықтар

Ақмола облысында тас жолды қар басты

Ақмола облысында тас жолды қар басты
Фото: Видеодан алынған кадр 23.10.2023 18:30 511

Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты.

Ауа райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Алайда демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді, - делінген мәліметте.

Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға