Жаңалықтар

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 29.03.2023 11:46 1105

 Ақмола облысында 24 наурыздан бастап ауа температурасының күрт көтерілуімен су тасқынының бірінші толқынының белсенді фазасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақмола облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Кеше Сандықтау және Атбасар аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ТЖ департаментімен қосымша күштер мен құралдарды топтастыру жіберілді. Тұрғын үйлерді су басуды жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы, Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Атбасар және Шортанды аудандарындағы елді мекендер ішінде еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 70 мың м3 еріген су сорылды.

Тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту бойынша су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жалғасуда.

Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен өңір ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың ерекше бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға