Жаңалықтар

Ақмола облысында Республика күніне орай алып ту жайылды

Ақмола облысында Республика күніне орай алып ту жайылды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 26.10.2023 02:33 639

Республика күніне орай Ақмола облысының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Көкшетаудың Орталық алаңында Мемлекеттік туды жаю акциясын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, «Менің Елім-Менің туым» акциясына «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері мен 55:10 әскери бөлімінің оркестрінен құралған 250-ден астам адам қатысты. Жиналғандар Мемлекеттік туға және Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіру үшін алаңға ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын туды алып шықты.

 «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешов атап өткендей, Мемлекеттік ту – егемендігіміз бен біртұтастығымыздың символы. Оны құрметтеу кез келген қазақстандықтың міндеті.

Біз осынау акцияға жастардың белсенділік танытып, бір адамдай болып қатысқанына қуаныштымыз. Бұл біздің жастарымыздың уақытпен бірге жүруіне және ұлттық дәстүрлерімізге деген құрметін көрсетеді. Мемлекеттік туымыз әрқашан біздің бірлігіміз бен күшіміздің символы болып қала береді. Әрбір отандасымыз өз Отанымен және онымен байланысты барлық нәрселермен мақтана алатын болады, – деді Сұлтанбек Бекешев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Республика күніне орай Ақмола облысының 49 950 тұрғынына материалдық қолдау көрсетілетінін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға