Жаңалықтар

Ақмола облысында құны 1,6 млрд теңге болатын орман учаскесі мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында құны 1,6 млрд теңге болатын орман учаскесі мемлекетке қайтарылды
Фото: © Pixabay.com 14.08.2023 12:02 652

Ақмола облысында жалпы ауданы 264 га сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Ақкөл ауданының прокуратурасы учаскенің 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбағанын, жалдау ақысы төленбегенін анықтаған.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болды, - делінген Ақмола облыстық прокуратурасы таратқан мәліметте.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға