Жаңалықтар

Ақмола облысында патрульдік полиция қайғылы оқиғаның алдын алды

Ақмола облысында патрульдік полиция қайғылы оқиғаның алдын алды
Фото: polisia.kz 27.05.2024 05:47 485

Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәдіметінше, қайғылы аяқталуы мүмкін оқиға 24 мамырға қараған түні болды.

патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, екі шағын автобуста жазғы лагерьден қайтқан 22 бала болған. Олар 23 мамыр күні түстен кейін Бурабай ауданынан шыққан.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрді.

Түнгі сағат 02:15 шамасында Екатеринбург – Астана автожолымен, Жақсы ауданының аумағында жүріп келе жатқан патрульдік экипаж қарсы жолақ бойымен қозғалған ауыр жүк тасуға арналған көлікті байқады. Полицейлер жүргізушіге фаралар мен арнайы құрылғы арқылы сигнал бергенімен, жүк көлігі қозғалысын жалғастыра берген. Кейінірек белгілі болғандай, көлік құралы бұзылып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соқтығысуға аз қалғанда жүргізуші көлік рулін бұрып үлгерген, сөйте тұра патрульдік көлікті соққан. Абырой болғанда, барлығы дін аман, - делінген мәліметте. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға