Жаңалықтар

Ақмола облысында мотоциклист жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақмола облысында мотоциклист жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.08.2023 05:10 582

Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

20 тамыз күні Шортанды ауданының полиция бөліміне Жолымбет ауылында мотоциклдің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Dayun Super мотоциклінің 37 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, 43 жастағы жергілікті тұрғынды соғып кеткен. Жол апаты салдарынан ауыр жарақат алған жаяу жүргінші мен мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Анықталғандай, мотоцикл жүргізушісі комада жатыр, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан ақпаратта.

Полиция бөлімімен бұл факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, сараптаға тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға