Жаңалықтар

Ақмола облысында мемлекеттік орган қызметкерлеріне ай сайын 1 млн теңгеден беріліп келген

Ақмола облысында мемлекеттік орган қызметкерлеріне ай сайын 1 млн теңгеден беріліп келген
Фото: © El.kz / Нұркен Алишев 15.04.2024 12:17 254

Ақмола облысының Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттік мекеме екі жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды.

Мысалы, тек үш айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берген. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 млн теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға