Жаңалықтар

Ақмола облысында бірқатар полиция жазаланды

Ақмола облысында бірқатар полиция жазаланды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 19.01.2024 23:27 592

Облыс прокурорының ұсынуы бойынша Приозерск қаласы полициясының бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі бизнесті қорғау, оның ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының заңсыз араласуына жол бермеу болып табылады.

Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлесуінің бейнежазбасын анықтады.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды.

Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары бұзылған жағдайда дереу +7 778 099 91 11  нөмірі бойынша (Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға