Жаңалықтар

Ақмола облысында әйелін ұрып өлтірген ер адам сотталды

Ақмола облысында әйелін ұрып өлтірген ер адам сотталды
Фото: © pexels.com 23.05.2024 17:42 393

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам масаң күйде бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оны аямай соққыға жыққан. Әйел алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде сотталушының психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен алкогольге тәуелділігі анықталды. 

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жазаға тартылды.  Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оған жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға