Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен 13 жасар жасөспірім қыз Ақкөл қаласынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Учаскелік инспекторлар қызметтік автокөлікпен жүріп келе жатып, полиция көлігін көріп, жақын маңдағы дүкенге тез жүгіріп бара жатқан қызды байқады. Жасөспірімнің бұл әрекеті тәртіп сақшыларына күдікті болып көрінді. Қызды көріп, іздеуде жүрген Элеонора Аяшеваны таныды.
Қыздың айтуынша, ол Ақкөлге 14 ақпанда келіп, досының үйінде түнеген. 2022 жылдың желтоқсанында қыздың ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылып, ол "Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау облыстық орталығы" КММ-де болған.
Қазір қыз бала Ақкөл қаласындағы ұқсас мекемеге орналастырылды.
Ақмола облысында ауруханадан қашып кеткен қыз табылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді