Ақмола облысында әскери колледж кадеті өзіне оқ атып қайтыс болды

 Leonardo.Ai
Фото: Leonardo.Ai

Щучьедегі әскери колледж кадеті өзіне оқып бақилық болды. Бұл ақпаратты министрлік растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде 1 курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу кезінде бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. 

Сондай-ақ, еліміздің қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатқандығын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз