Жаңалықтар

Ақмола облысында алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен

Ақмола облысында алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен
Фото: polisia.kz 07.02.2023 20:43 1022

Ақмола облысында алаяқ такси жүргізушісін алдап кеткен, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 ақпан күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына Щучинск қаласының 42 жастағы тұрғыны белгісіз әйел алаяқтық жолмен 9300 теңгесін иемденіп кеткені туралы өтінішпен жүгінді. Жеке тасымалдаумен айналысатын жәбірленуші шақыруға келіп, бейтаныс әйелден басқа мекенжайға жеткізуі керек “тауар” пакетін алғанын айтты.

Қолында кішкентай баласы бар бейтаныс әйел тауар мен жеткізілім үшін ақшаны тауар алушы жақ төлейтініне сендіріп, жүргізушіден алдын-ала 9300 теңге аударуды сұраған. Ер адам әйелдің айтқанын жасаған. Алайда, тауарды көрсетілген мекенжайға алып келгенінде, онда тұратын адамдар ештеңеге тапсырыс бермегені және жеткізуді күтпегені белгілі болды. Сөмкеде балалардың пайдаланылған заттары болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол облыс орталығының бұрын істі болған 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның осындай қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға