Жаңалықтар

Ақмола облысы мәслихатына депутат болып кімдер сайланды

Ақмола облысы мәслихатына депутат болып кімдер сайланды
Фото: El.kz 25.03.2023 13:22 708

Ақмола облысында жергілікті мәслихат сайлауының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек, электорат тізіміне өңір бойынша 517 816 азамат енгізілген.

Дауыс беруге 309 188 сайлаушы қатысты, сайлау учаскесінен тыс 5046 адам дауыс берді.

Партиялар бойынша сайлау нәтижесі:

«Amanat» партиясы – 210 863 дауыс немесе 69,53%;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 33 351 дауыс немесе 11,00 %;

«Respublica» партиясы – 9 150 дауыс немесе 3,02 %;

Қазақстан Халық партиясы – 13 048 дауыс немесе 4,30 %;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 10 141 дауыс немесе 3,34 %;

«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 17 421 дауыс немесе 6,74 %;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 9275.

Кандидаттардың жалпы саны – 57.

Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары болып сайланғандар:

№ 1 сайлау округі бойынша – Мусин Манат Айтбайұлы;

№ 2 сайлау округі бойынша – Жаров Нұрлан Қайырұлы;

№ 3 сайлау округі бойынша – Ахат Нұртас Ахатұлы;

№ 4 сайлау округі бойынша – Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы;

№ 5 сайлау округі бойынша – Қойшыбаев Марат Советұлы;

№ 6 сайлау округі бойынша – Төребаев Айдын Бертісбайұлы;

№ 7 сайлау округі бойынша – Сүлейменов Бауыржан Амангелдіұлы;

№ 8 сайлау округі бойынша – Безвербный Павел Николаевич;

№ 9 сайлау округі бойынша – Меңдібаева Клара Тұңғышқызы;

№ 10 сайлау округі бойынша – Мұхамедьяев Алмаз Есенгелдіұлы;

№ 11 сайлау округі бойынша – Әкімов Бекім Серікұлы;

№ 12 сайлау округі бойынша – Оразалин Марат Амангелдіұлы;

№ 13 сайлау округі бойынша – Саханов Ғалымхан Банияшимұлы;

№ 14 сайлау округі бойынша – Камышанский Владимир Валерьевич;

№ 15 сайлау округі бойынша –Тәжин Нұрлан Есіркепұлы;

№ 16 сайлау округі бойынша - Пішенов Тимур Амангелдіұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға