Жаңалықтар

Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 08.02.2024 11:00 856

Бүгін  Сенат отырысында Сенат депутаты Ақмарал Әлназарованың өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады. Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова 2020 жылы Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланған енді. Ол 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға