Беларусьтің Витебск қаласында өткен XXXIV халықаралық «Славян базары» өнер фестивалінде қазақстандық әнші Акерке Амалят вокалистер байқауында І орын иеленді.
Өнерлі арудың кезекті белесі
«Славян базары» өнер фестивалінің бас жүлдесі Италия өкілі Рози Альфаноға бұйырды. Екінші орынды Молдовадан келген Алексей Осичев пен беларусь Елена Кузнецова өзара бөлісті. Ал үшінші орынға грузиялық Важа Гаделия мен қырғызстандық Нурдоолот Деркембаев лайық деп танылды.
Жеңімпаздарға диплом мен арнайы мүсінше табысталып, Ақерке Амалятқа 15 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Әнші үшін бұл жеңістің мәні зор. Себебі ол «Славян базары» байқауына қатысу үшін 8 рет кастингке қатысқан.
Мен басқауға қатысқаныма, осы марапатты иеленгеніме өте қуаныштымын! Беларусь халқына қонақжайлығы үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ фестивальге қатысқан әрбір өнерпазға рақмет. Осы уақыт ішінде бәріміз достасып, бір-бірімізді қолдадық. Фестиваль қаншама талантты адамды бір арнаға тоғыстырды, – деді Ақерке Амалят.
Әнші байқауға шамамен алты ай бойы дайындалғанын айтты. Оның сөзінше, сахнадағы екі әннен бұрын қатысушылар үлкен психологиялық сынақтан өтеді.
Бұл – өте үлкен стресс. Мықты болсаң да, бәрін көтере аламын деп ойласаң да, моральдық тұрғыдан өте ауыр. Екі ән айтып шығу ғана емес, оған дейінгі толқу, жауапкершілік, жүйкенің сыр беруі – бәрі шынайы сезіледі, – деді ол.
Биыл байқауға Беларусь, Ресей, Түркия, Грузия және Германия елдерінің өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар алқасы төрелік етті. Қазақстан атынан қазылар құрамында Қазақстанның халық әртісі Әлішер Кәрімов кірді.
Әннің диапазоны немесе күрделілігі емес, оны үш минут ішінде көрерменге шынайы жеткізе білу маңызды. Мен үшін негізгі өлшем – орындаушының даралығы, – деді Әлішер Кәрімов.
Қазылар алқасының тағы бір мүшесі, ресейлік әнші Дмитрий Маликов қатысушылардың репертуар таңдауына, сахналық бейнесі мен харизмасына ерекше мән берілгенін атап өтті.
Акерке Амаляттың шығармашылық жолы
Ақерке Амалят 2001 жылы 12 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. Кейіннен ата-анасымен бірге атажұртқа қоныс аударады. Өнерлі отбасында тәрбиеленген ару әуелден әнші болуды армандайды.
Ол Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінде прима-қобыз мамандығы бойынша білім алған. Кейін П.И. Чайковский атындағы колледжде эстрадалық вокал мамандығын тәмамдады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығын тәмамдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шығармашылығында Акерке заманауи эстрадалық вокалды халық әндерінің әуенімен үйлестіре отырып орындайды. Өзін әнші, сахна әртісі және инфлюенсер ретінде таныстырады.
2017 жылы «Жас қанат» байқауының Гран-при иегері атанып, кейін «X-Factor Қазақстан» жобасына қатысты.
2024 жылы халықаралық George Grigoriu International Pop Music Festival эстрадалық ән фестивалінде І дәрежелі жүлдені жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2025 жылы «Шабыт» байқауының жеңімпазы атанып, сондай-ақ «Түркістан дауысы» және «Шымкент сазы» байқауларында Гран-при иеленді.
2026 жылы «Art-Parade in Vitebsk» және «Жұлдыз» байқауларында Бас жүлдені жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан сынды 12 елден келген 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.Ақерке байқауда қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.