Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Қарағанды облысында болды

Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы Қарағанды облысында болды
Фото: akzhol.kz 19.02.2023 19:29 1195

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Кеше ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихаты басталды. «Ақ жол» демократиялық партиясы өз кампаниясын Ұлытау облысынан, Қазақ хандығының даңқты ізбасары Жошы ханның кесенесі барып, тағзым етуден бастады.

Бүгін партия лидері Азат Перуашев, партия төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Берік Дүйсенбинов, сондай-ақ, партияның жергілікті филиалының жетекшісі Ермек Әбілдин бастаған «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Қарағанды ​​облысына келіп, кәсіпкерлермен және облыс жұртшылығымен кездесулер өткізді.

Жиын барысында сөз алған жергілікті кәсіпкерлер еркін экономикаға және адал бәсекелестік жолына көшу, монополияға жол бермеу, мемлекеттің бизнеске араласуын шектеу қажеттігі туралы айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға