Жаңалықтар

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліске кімдер барады

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліске кімдер барады
Фото: «Ақ жол» партиясы 27.03.2023 20:50 910

«Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда Парламент Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пленумның бірауыздан шешім шығаруымен Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы - қаржыгер, Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға